«Хана тебе»: Ұзату тойында жұлқына билеген қалыңдық көптің ашуын тудырды (видео)
Қазақтың бойжеткен қыздарына арналған айырықша салттарының бірі – ұзату тойын «аяқасты етті» деген қалыңдық көптің сынына қалды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Өз жұртынан қайынжұртқа әлі жете қоймаған бойжеткен қазақтың ұлттық киімімен өз үйінде жүргендей елдің алдында жұлқына биледі. Қасында бірге билеп тұрған күйеуі «Жәй, атаң қарап тұр ғой» деген ескерту айтып, келіншегінің артын жабумен әлек. Аталған көріністің желідегі куәгерлері қалыңдықтың ата-енесінің көзінше әлден көрсетіп тұрған ерсі қылығына сыни көзбен қарап, құптайтын әрекетке жатпайтынын айтты. «Жастар атаны ұмытқан ғой», «Бақытты болсын, әрине. Бірақ көпшілктің алдында ерсі көрінеді. Басқа жерде билесе де болар еді», «Негізі ұлттық киімге сай қылық көрсету керек сияқты, бұлай билегісі келсе, жәй ұзату көйлектер дұрыс қой. Қалай ойлайсыздар? Күйеуге шығатынын қыз ұғынса, шіркін, ешқандай дау-дамай болмас еді», «Өте дұрыс айтады бала», «Хана тебе», - деп жазып жатыр әлеуметтік желі қолданушылары. https://youtube.com/shorts/iXvGP8eTedI?feature=share