Екібастұзда 70 жастағы ер адам өз үйінен өлі табылды
Екібастұз қаласында қария өз үйінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Сараптама нәтижесі мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмағанын көрсетті. WhatsApp желісінде пәтерлердің бірінде ер адамның үсіктен қайтыс болғаны жайлы хабарлама тарады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мұның шындыққа жанаспайтынын, зейнеткердің қайтыс болуына баспанасының суықтығы емес, денсаулығының сыр беруі себеп болғанын түсіндірді. Ондағы тәртіп сақшыларының дерегі бойынша, қария бұған дейін қан қысымынан зардап шегіп келген. Ал егде адам қайтыс болған сәтте қасында жұбайы болған. «Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады», – деп мәлемдеме жасады мамандар.