Анаcы өз қызының мәйітін бетонмен қаптап, тумбочка ретінде пайдаланды
Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласының 27 жастағы Ванесса Алехандра Мансилла есімді тұрғыны қайтыс болған қызы Милагростың денесін бетонмен сылап, оны тумбочка орнына қолданған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. 24 қазан күні бес жасар Милагростың әкесі қызының жоғалып кеткенін мәлімдеді. Полиция қызметкерлері қызды іздеп, төрт күннен кейін оның денесін анасының жатын бөлмесіндегі бетон тумбочкадан тапты. Мансилла қызын өлтірмегенін айтқан. Оның айтуынша, ол оқиға болған күні таңертең қызды өлі күйінде тапқан. Қатты қорыққан әйел не істерін білмей, мәйітті жасыруды жөн көреді. Ол үшін әйел оны нейлонмен қапталған ағаш қорапқа салып, оны бетонмен толтырып, төсегінің жанына қойып қойған. Мансилланың достары мен туыстары анасы қалған екі баласымен әуре болып, Милагросқа дұрыс қарамайтынын, антисанитариялық жағдайда жиі жалғыз қалатынын мәлімдеген. « «Марқұм шала туған және бірнеше ауруы бар қыз еді», - дейді полиция қызметкерлері. Қалған екі баласы Мансилланың анасына табысталды. Қазір әйел қамауда, тергеу жүргізілуде.