Басты жаңалықтар
Демалысқа кетуге асыққан дәрігер аяғы ауыр әйелді кесарь тілігін жасауға мәжбүрледі
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2022
- 316
Египетте дәрігер демалыс уақытын жіберіп алғысы келмей, жүкті әйелге қажет болмаса да, кесарь тілігін жасады. Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды.
Мысырлық Май Шами әлеуметтік желіде «Медициналық тұрғыда дәлелденбеген кесарь тілігін тоқтатыңыз» тақырыбындағы жоба жасады. Шамидің айтуынша, дәрігер жыл сайынғы еңбек демалысына барынша жылдам кетуге асығатын болған. Бұл жолы да жүкті әйелді табиғи жолмен босануына жол бермей, дәлірек айтсақ, күткісі келмей, операцияға келісуге мәжбүр еткен.
Шамидің өзі де осындай жағдайды бастан өткеріп, жоба жасауға бел буған.
«Жүктілік кезінде мен бірнеше дәрігерге бардым. Барлығы мені кесарь тілігі арқылы босануға итермеледі, тіпті кейбірі өздерімен жыныстық қатынасқа түсуге де ұсыныс жасады. «Табиғи жолмен босану әйелдің интимдік өміріне кері әсер етуі мүмкін» дейді олар», - деп мәлімдеді Шами.
Египеттің Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, 2021 жылы мысырлықтардың 72 пайызы кесарь тілігі арқылы босанған. Министрлік негізсіз операциялар санын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.