Ең кішісі 9 жасар қыз: Өзін пайғамбар атаған 46 жастағы ер адам 20 әйел алды
Әйелдердің жағдайын жасамағаны сонша, әжетхана ретінде шелек пайдаландырған
Аризонаның 46 жастағы тұрғыны өзін пайғамбар деп жариялап, 20 әйел алды. Олардың арасында тоғыз жасар қыздар да бар. Бұл туралы KYN.KZ сайты хабарлайды. Көп әйел алу культінің жетекшісі Сэмюэль Бейтман әйелдер мен кәмелетке толмағандарға дәретхананың орнына шелек қолдануды бұйырған. Ер адам 2022 жылдың қыркүйегінде құқық бұзу әрекеті бойынша қамауға алынды. Сэмюэль Бейтман Исус Христостың әулиелер фундаменталистік шіркеуінің (FLDS) радикалды мормон тобына жетекшілік еткен. Ер адам өзін пайғамбар деп жариялай бастаған, сондай-ақ 2019 жылдан бастап жасөспірім қыздарға үйлене бастаған.