Басты жаңалықтар
"Көмір қайтарылсын": Моңғолия халқы жаппай наразылыққа шықты
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2022
- 293
Халық үкімет үйін басып кіріп, митинг соңы тәртіпсіздікке жалғасты
Шерушілер үкімет пен президенттен "12,9 миллиард доллардың көмірін ұрлаған ұрылардың аты-жөнін жариялауды" талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ.
4 желтоқсанда Моңғолия астанасы Ұланбатырда үкіметтің әрекетіне наразылардың жаппай шеруі өтті. Наразылық акциясына көмір ұрлығына қатысты көптеген саясаткердің қатысуымен болған жанжал себеп болды, деп жазды Central Asia Media.
Моңғолиядан экспортталатын көмірдің көлемі Қытай алатын көлемнен басқаша екені хабарланды. Басылымның мәліметінше, Қытай тарапы "көмірді ұрлауға қатысы бар шенеуніктерді өлім жазасына кесті", сонымен қатар "осы іске қатысы бар моңғол саясаткерлерінің аты-жөнін премьер-министр Оюун-Эрден Лувсаннамсрайға жіберген".
Алайда Қытайдың бірқатар мемлекеттік және жеке басылымдарында, соның ішінде Батыс елдерінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарында "ату жазасына кесу" туралы ақпарат жоқ.