Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстандағы барлық әуежай жаппай сатылымға шығарылды

06.12.2022
0
Қазақстандағы барлық әуежай жаппай сатылымға шығарылды

Ел Үкіметі 2023–2025 жылдары жекешелендірілетін әуежайлардың тізімін жариялады. Олар мемлекеттік мүлік реестрі веб-порталында орналастырылды. Мәселен, келесі жылы қарашада Семейдің әуе қақпасы жекенің қолына көшпек.

Сондай-ақ сол айда «Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының» жүз пайыз акциясының сату көзделген. 2 жылдан соң «Қостанай халықаралық әуежайы», «Өскемен әуежайы» мен «Павлодар әуежайы» мемлекеттік меншік қатарынан шығарылады, деп жазды KYN.KZ сайты астана арнасына сілтеме жасап.

Ал Шымкент әкімдігі 2025 жылдың аяғына дейін әуежайын сатып болуы қажет. Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы сатылмауы мүмкін. Өткен жылы 7,3 млрд теңгеге бағаланған әуеқақпаны жекешелендіруге ешкім қызығушылық танытпады. Өткен айда нысан тағы да сатылымға шығарылған. Бірақ бұл жолы да инвесторлар табылмады.

«Біз әуежайды 2021 жылдан 2024 жылға ауыстырдық жоспарды. Бірақ та қазір өңір басшысының тапсырмасымен біздер Премьер министрге хат жаздық. Сол әуежайды жекешелендіру жоспарынан алып тастауды ұсындық біздер. Қазір мемлекеттік комиссияда қаралып жатыр»,-дейді  Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істейді. Соның ішінде 12-сі – мемлекеттік, 6-ауы – жеке. Тағы 2 әуежай сенімгерлік басқаруда. Сондай-ақ 6 тікұшақ айлағы бар. Егер жеті әуежай жекешелендірілсе, мемлекет меншігінде 5 әуе қақпасы ғана қалмақ.

«Мемлекеттік меншіктің үлесі 50 пайыздан асып кетсе, экономиканың тежегіш күшіне айналады. Ресми мәліметтерде 50 пайыздан асады, ал бейресми мәліметтерде ол 70-80 пайызға барады. Жеке сектор тиімдірек менеджер деген ұғым бар. Негізінен мемлекеттік менеджмент жеке секторға жол беріп қояды», –  дейді экономист  Мақсат Халық.

Бөлісу12Твит8
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1924 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1213 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1146 бөлісу
    Бөлісу 458 Твит 287
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1119 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    560 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.