Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

БҚО тұрғыны: 3 жасар қызыма ота жасаған дәрігерлер қараусыз қалдырып, қолдан өлтірді

Анасының сөзінше бала отадан кейін 12 сағат бойы қатты қиналған, медсестралар керекті дәрігерді уақтылы алдыра алмапты

06.12.2022
0
БҚО тұрғыны: 3 жасар қызыма ота жасаған дәрігерлер қараусыз қалдырып, қолдан өлтірді

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Қайғыдан қан жұтқан келіншектің айтуынша, тамағына жасалған операциядан кейін бүлдіршін мүлдем қараусыз қалып, көз жұмған.

Қызымыздан «Даун синдромы» анықталғанымен, ауытқушылық болған жоқ, дейді Айдана Мұхамбетиярова. Кішкентай Айназдың осындай қылығын қызықтап жүрген жас отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Осы видео түсірілгеннен кейін бірнеше күн өткесін, Айназға операция жасалып, дәрігерлер тамағындағы қабынған безді сылып тастайды. Ота сәтті өткенімен, бүлдіршін кешкісін мазасыздана бастаған.

«Реанимациядан бір медсестраны шақырады. Ол медсестра келеді, балаға ешқандай катетерді қоя алмайды. Баланың қолы мұздап бастайды уже, сол кезде катетерді қоя алмаған соң, екінші медсестраны шақыртады. Ол баланың жағдайын көріп, сразу айтады: врачтарды шақырыңыздар, бала тяжелый, одышка болып жатыр. Бала қиналып жатыр. Ешқандай катетерді сала алмаймын. Түгел шақырып, реанимацияға апарыңыздар дейді. Бірақ оған құлақ аспайды медсестра. Қайтадан катетерді тыққызады қызға»,- дейді сәбидің анасы айдана Мұхамбетиярова.

Күйінген келіншектің айтуынша, оқиға демалыс күні болған. Сондықтан шақыртқан дәрігерлер уақытында келмепті. 12 сағат бойы осылай қиналған сәби әбден әлсірегенде ғана мамандар көмек көрсетуге асықты, дейді анасы.

«Врач кешкісін бала қиналып жатқан уақытта келеді, бала өлердің алдында. Пульсін қарағанда уже бір-біріне ымдап бірдеме айтады: апа, қызыңыздан айрылып қалдық, иманды болсын деп. Дәрігерлердің салғырттығы бәрі. После операций қызым ешқандай дұрыс қаралмады»,- дейді сәбидің анасы айдана Мұхамбетиярова.

Дәрігерлер бүлдіршінді операцияға дайындау кезінде денсаулығынан кінәрат табылмағанын айтады. Одан кейін де жағдайын қадағалап отырдық дейді.

«Баланы операциядан соң өзім қарағанда бүкіл көрсеткіші қалыпты болды. Кенеттен әлсірегесін, жансақтау бөлімінде көмек жасадық. Кейін сәбиді сойып тексергенде жүрегінде ақау бары, бұл аздай пневмонияға шалдыққаны анықталды. Жалпы мұндай дерті бар балалардың бүкіл кеселі осындай операция кезінде өршіп кетеді әрі кез-келген ота — тәуекелге толы іс. Сәбидің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын»,- дейді отоларинголог дәрігер Жұбанов Орынбек.

Бүгінде полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғапты. Яғни, дәрігерлердің кәсiби мiндетiн қаншалықты талапқа сай атқарғанын тексереді. Осыдан кейін ата-анасы заң органдарына жүгінбек.

 

Бөлісу17Твит11
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3793 бөлісу
    Бөлісу 1517 Твит 948
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.