СҚО-да 50 бас жылқы суға батып өлді
СҚО Айыртау ауданы Әлжан ауылының тұрғындары жылқыларының 27 қарашада жайылымға жібергеннен жоғалып кеткенін айтқан. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлаған, деп жазды KYN.KZ. Айыртау аудандық полиция бөліміне 2 желтоқсан күні Әлжан ауылындағы үйірде 50 жылқының жетіспейтіні жайлы хабарлама түсті. «Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Салдарынан мұз жарылып, суға батып кеткен», - делінген хабарламада. Бүгінгі күні полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.