Екібастұзда ЖЭО учаскесінің басшысы өз көлігінде өлі табылды
Алдын ала болжам бойынша ол газға уланған болуы мүмкін
Екібастұз қаласы ЖЭО учаскесінің басшысы Сергей Видлог өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. «4 желтоқсан күні сағат 21:25-те қоғамдық көлікжайда ВАЗ–21099 автокөлігінде 1989 жылы 20 тамызда туған «ЖЭО» ЖШС учаскесінің басшысы С.В. Видлогтің мәйіті табылды», — делінген хабарламаның көшірмесінде. Құжатқа сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген. «Бұл факт Екібастұз қаласының ПБ-да (полиция басқармасы) тіркелген. Тексеру жүргізілуде», — деп растады қала полицейлері.