Қызылорда қаласында 52 баспана газсыз қалды
Қызылорда қаласында жерасты газ құбырынан газдың ағып кетуінен 52 тұрғын үй газсыз қалды, деп жазды KYN.KZ. Қаланың сол жағалау бөлігінде орналасқан 5 қабатты №52 тұрғын үйдің жанындағы 110 мм диаметрлі жоғары қысымды жерасты газ құбырында газдың ағып кеткені белгілі болды. «Аталған жағдайға байланысты авариялық ажырату жүргізіліп, көппәтерлі 52 тұрғын үй (3001 абонент) газсыз қалғаны белгілі болды. Газдың сөнуі жылумен жабдықтауға әсер еткен жоқ. Тұрғын үйлер автономды-блокты кіші қазандық арқылы жылытылады. Қалпына келтіру жұмысын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 20 маманы 2 техникамен атқарды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.