«Жабайылық»: Тойханаға түйені жетектеп келген қазақтар тағы да сынның астында қалды (видео)
Әлеуметтік желіде той өтіп жатқан мейрамханаға түйені кіргізуге тырысып жатқан ер адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Бұған дейін тойханаға автокөлік, ат, тіпті қошқар кіргізіп, жұрттың ашуына тиген қазақстандықтар бұл жолы түйемен той өткіземін деп елді ызаландырды. Желіде той кезінде түйені күшпен сүйреп кіргізуге тырысып жатқан бейнежазба тарады. Мұнда жануардың өзін күштеп жатқан ер адамға қарсылық танытып дыбыс шығарып, одан қалса, түкіркенін байқайсыз. Есіктің төмен орналасқандығынан түйенің өркештері сыймай, кіре алмай тұр залға. Оны көрген желі қолданушылары ашуына ерік беріп, көрген көрініске қарсы түрлі пікірлер жаудырған. «Даже Мал екеш малда түсініп тұр кіре алмайтынын», «Зачем? Тост будет говорить что ли», «Обал ғой, малдан ойыншық жасап», «Не деген жабайылық», «Тууу, не деген сұмдық? Малға обал ғой», «Одан не көрсеткісі келді екен», «Түйе ашуланса, жаман болатынын білмей ме? Шайнап тастайды ғой, ужас», «Цирк что ли», «Неге жануарды қинайды», - дейді әлеуметтік желі қолданушылары. https://youtu.be/VuKBlkAt5cM