Дәрігерлер экс-министр Елжан Біртановты қорғау туралы петиция жариялады
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында қазақстандық медицина қызметкерлерінің мемлекет басшысына жасаған үндеуін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ. Олар президенттен экс-министр мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша әділ шешім шығаруын сұрайды. «Еліміздің барлық дәрігерлері, күллі жұртшылық осы резонанстық істің барысын екі жыл бойы мұқият қадағалап отырды. Өкінішке қарай, азаматтардың басым көпшілігінде, әсіресе, медицина қоғамдастығында процес барысында қабылданған сот шешіміне наразылық, келіспеушілік туып отыр», – делінген хабарламада.