Оралда жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген жеңгетай ұсталды
Ұйымдастырушылар кәмілет жасына толмаған қыздарға күніне 10-15 мың төлеген
Оралда кәмелет жасқа толмаған қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ. Полицей жеңгетайдың үстінен қылмыстық іс қозғады. Заң бойынша мұндай қылмыс жасаған азаматтарды бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір жасөспірімді жезөкше болуға итермелеген келіншектің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сонымен қатар Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру кезінде түнгі көбелектер ұсталды. Қазір олардың үстінен де қылмыстық іс қозғалды. "Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 134-бабы-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ұдайы осындай рейдтік шаралар жүргізіп отырады",-дейді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.