Басты жаңалықтар
Алматыда таңертеңнен бері іздестірілген 9 жасар қыз бала аман табылды
- автор kyn.kz
- 6 желтоқсан, 2022
- 763
Бала күні бойы қоғамдық көліктерде жүрген болуы мүмкін
Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін таңертең Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.
"Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде, Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.
Айта кетейік, Алматыда бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен 9 жасар Айша Тимурды іздеу жұмысы жүргізілді. Оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және қарапайым адамдар жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді
- авторkyn.kz
- 25 қыркүйек, 2026




