Қазақстанның қай аймағында полицейлердің жемқорлыққа белшесінен батқаны анықталды
2021 жылы полицейлер арасында 140 (Ұлттық Ұлан мен ҚАЖК қызметкерлерін қоспағанда), ал 2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ішкі істер органдарының 123 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісімен ұсталды. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық порталы хабарлайды. Өңірлер бойынша парақорлардың басым бөлігі ішкі істер органдарының қызметкерлері болып шықты. Оның ішінде: Алматы (15 адам), Түркістан облысы (15 адам), Солтүстік Қазақстан облысы (14 адам), Ақтөбе облысы (11 адам), Қарағанды облысы (10 адам) азаматтары бар екені белгілі болды. Ішкі істер органдарында жүрген сыбайлас жемқорлар еліміздегі 20 өңірдің 17-нен табылған. Finprom дерегі бойынша, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында аталған жағдай әзірге анықталмаған.