Бұрын-соңды «заңды көңілдес» туралы естідіңіз бе?
Иракта ресми мақұлданған көңілдестер бар екенін хабарлайды KYN.KZ сайты. Дәлірек айтсақ, бұл елде көп әйел алуға рұқсат етілген. Өзге де мұсылман елдері тәрізді ер адам 4 әйелге дейін ала алады. Алайда әлеуметтік жағдайы өте төмен Ирак елінде аталған жағдай сирек кездеседі. Әккі ирак ерлері бұл тығырықтан да шығудың жолын тапты. Ол – ресми мақұлданған көңілдес. Әйелдер күйеуінің екінші, үшінші әйел алатынын білсе де, келіседі. Оның басты себебі: Көңілдес әйел күйеуінің байлығына қол тигізе алмайды. Өйткені заң бойынша бүкіл мал-мүлік тек заңды жұбайына тиесілі. Шариғат заңы бойынша бұлай жасау күнә екенін біле тұра, әйелдер өздерінің абыройын сақтап қалу үшін кейде екінші әйелді өздері іздейді.