Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Өзіңіз әлі бір аяқпен жүрсіз ғой»: Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алексей Бородавкинге жауап берді

07.12.2022
0
«Өзіңіз әлі бір аяқпен жүрсіз ғой»: Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алексей Бородавкинге жауап берді

Қазақ халқына екі тілді білуді міндеттеген Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкинге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса жауап берді. Депутат Facebook желісіндегі парақшасында елшінің бұл айтқанын Конституциядағы орыс тілі туралы 7-баптың 2-тармағын алып тастауға негіз болатын жағдай екенін баса айтты, деп жазды KYN.KZ.

«Өзге елге не істеуді үйретіп, өзеуреп, «екі тілді білген екі аяғымен нық тұрып, алға қадам баса алады» деп пәлсапа соғып отырған елшіге өз сөзінен ұстап алып, ескертуіміз бар біздің де! Сонда тек Ресей тілін ғана білетін біздің елдегі орыс этностары 31 жылдан бері қашанғы бір аяғымен тұрады? Қашан алға басады? Өзге тілде ғана — яғни бір аяғымен ғана ұзақ тұрған адам құлайтынын ұмытпау керек, елші Борадавкин мырза! Айтпақшы, сіз біздің елде елші болғаныңызға биыл бес жыл болды, өзіңіз әлі бір аяқпен жүрсіз ғой, қашан қазақ тілін біліп, нық тұрасыз», — дейді елшінің де қазақ тілін біліп, екі аяқта нық тұруын талап еткен депутат.

Оның айтуынша, 2020 жылы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды, Конституциядан 7-баптың 2-тармағын алып тастауды талап етіп, ҚР Президентіне жазылған Ашық хатқа бір жарым айда әлемге әйгілі Ұлт зиялылары бастаған 126 мың адам қол қойған. Бүгінде ол 130 мыңға жетті.

«Осы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, Конституцияның тіл туралы бабын өзгертуді талап еткен депутаттық сауалымызды Мәжілістегі 41 депутат қолдағанын айта кетуге тиіспіз. Ал бұл депутаттық сауалымызды белгілі зиялылар бастаған қалың ел фейсбукта «Мен конституциядан 7 баптың 2 тармағын алып тастауды талап етемін!» — деп халықтық челендж жасап қолдады. Еговтағы петицияда қолдаушылар саны жарты миллионнан — 500 мыңнан асып кетті! Халық арасында қоғамдық резонанс тудырды», — деп мәлімдеді тіл жанашыры Қазыбек Иса.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин: «Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл – орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек», — деп қазақ халқының қазақ тілімен қатары орыс тілінде білсе, мықты болатынын алға тартқан еді ресейлік БАҚ-та берген сұқбатында.

Бөлісу28Твит17
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1247 бөлісу
    Бөлісу 499 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    1016 бөлісу
    Бөлісу 406 Твит 254
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1790 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 448
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    906 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 227
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    893 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    734 бөлісу
    Бөлісу 294 Твит 184
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    720 бөлісу
    Бөлісу 288 Твит 180
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.