Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өзіңіз әлі бір аяқпен жүрсіз ғой»: Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алексей Бородавкинге жауап берді

«Өзіңіз әлі бір аяқпен жүрсіз ғой»: Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алексей Бородавкинге жауап берді
ашық дереккөз
Қазақ халқына екі тілді білуді міндеттеген Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкинге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса жауап берді. Депутат Facebook желісіндегі парақшасында елшінің бұл айтқанын Конституциядағы орыс тілі туралы 7-баптың 2-тармағын алып тастауға негіз болатын жағдай екенін баса айтты, деп жазды KYN.KZ. «Өзге елге не істеуді үйретіп, өзеуреп, «екі тілді білген екі аяғымен нық тұрып, алға қадам баса алады» деп пәлсапа соғып отырған елшіге өз сөзінен ұстап алып, ескертуіміз бар біздің де! Сонда тек Ресей тілін ғана білетін біздің елдегі орыс этностары 31 жылдан бері қашанғы бір аяғымен тұрады? Қашан алға басады? Өзге тілде ғана - яғни бір аяғымен ғана ұзақ тұрған адам құлайтынын ұмытпау керек, елші Борадавкин мырза! Айтпақшы, сіз біздің елде елші болғаныңызға биыл бес жыл болды, өзіңіз әлі бір аяқпен жүрсіз ғой, қашан қазақ тілін біліп, нық тұрасыз», - дейді елшінің де қазақ тілін біліп, екі аяқта нық тұруын талап еткен депутат. Оның айтуынша, 2020 жылы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды, Конституциядан 7-баптың 2-тармағын алып тастауды талап етіп, ҚР Президентіне жазылған Ашық хатқа бір жарым айда әлемге әйгілі Ұлт зиялылары бастаған 126 мың адам қол қойған. Бүгінде ол 130 мыңға жетті. «Осы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, Конституцияның тіл туралы бабын өзгертуді талап еткен депутаттық сауалымызды Мәжілістегі 41 депутат қолдағанын айта кетуге тиіспіз. Ал бұл депутаттық сауалымызды белгілі зиялылар бастаған қалың ел фейсбукта «Мен конституциядан 7 баптың 2 тармағын алып тастауды талап етемін!» - деп халықтық челендж жасап қолдады. Еговтағы петицияда қолдаушылар саны жарты миллионнан - 500 мыңнан асып кетті! Халық арасында қоғамдық резонанс тудырды», - деп мәлімдеді тіл жанашыры Қазыбек Иса. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин: «Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл – орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек», - деп қазақ халқының қазақ тілімен қатары орыс тілінде білсе, мықты болатынын алға тартқан еді ресейлік БАҚ-та берген сұқбатында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар