Аманжол Әлтай: Лакшми Митталға көмір мен темір қымбат, халыққа өмір қымбат (видео)
Депутат шетелдік инвестордан халықтың денсаулығына зиян келтірмеуді заң жүзінде талап етіп, жұмыс жүйесін тексеру керектігін айтты
Депутат Аманжол Әлтай бүгінде Теміртау қаласының экологиялық жағдайы тым нашарлап кеткенін айтты. Тіпті қысты күні жауған ақ қар жерге қап-қара болып түседі. Халықтың 80%-тен астамы үнемі күркілдеп жөтеледі. Бұның барлығына сол қаладағы өндіріс орындарының тиісті ережелерді сақтамауынан туындаған мәселелер деді ақын. Ақын қаланың экологиялық жағдайына байланысты ол жерді Теміртау емес, Түтінтау деп атау дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.