Шымкент көшелерінде Tiktok желісіне видео түсірген тұрғындар айыппұл арқалады (видео)
Шымкентте көлік жүргізушісі Әкімшілік кодекстің 6-бабы бойынша жауапқа тартылды. Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында көшелердің бірінде үш бірдей Toyota Camry-70 автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, тіпті жүргізушілердің бірі мылтықтан оқ атқан бейнежазбасы да анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Бөлімшелер мен жергілікті полиция қызметкерлері бейнежазбадағы барлық құқық бұзушыларды ұстады. Олар қала тұрғындары болып шықты. Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-тің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады: 203-бап «Сақтандыруды бұзу», 602-бап «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзу» және 603-бап Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу». Үш бірдей Toyota Camry-70 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Қалған материал әкімшілік сотқа жіберілді. Жүргізушілердің бірінен полицейлер Макаров тапаншасын тәркіледі. Сондай-ақ ер адамның бұған дейін дүкеннен қару сатып алғаны, алайда оның полицияға тіркелмегені анықталды. https://youtu.be/px_96DiqUyM