Күні кеше Атырауда ұсталған "педофил қайтыс болды" деген ақпаратқа полиция жауап берді
Ол жасөспірім қызды көлік багажында зорламақ болған жерінен ұсталды
Желіде 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті көз жұмды деген ақпарат тараған болатын. Өңірлік полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірд, деп хабарлайды KYN.KZ.
"6 желтоқсан күні жасөспірімді зорламақ болған күдікті қамауда көз жұмды деген ақпарат шындыққа сай келмейді",-деп түсінді ведомство өкілдері.
Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желі қолданушылары ҚР ҚК 274 бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
"Аталған факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жұмысы қолға алдынды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.