Алексей Бородавкин Қазақстанда орысфобия мен экстремизмнің етек жайып келе жатқанына алаңдайтынын айтты
Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанда экстремизм мен орысфобияның белең алғанын айтып, өкінішін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Елшінің қазақ қоғамындағы ұлтшылдыққа негізделген ұрандардың көптігінен көңілі күпті. «Қазақстандағы ұлтшылдық пен радикалдық тенденциялардың барған сайын айқын байқалып жатқанын өкінішпен айта аламын және алаңдаймын. Интернет радикалды ұлтшылдар мүлдем қабылданбайтын талаптар, ұрандар және т.б. ұсынатын бейнероликтерге толы. Оның үстіне бұл ұрандар орысфобтық. Президент берген күшті мандатпен экстремистік ұлтшылдық сөздердің барлық түрлерін ауыздықтауға бағытталған қатаң шараларды жүзеге асыруға әбден болады. Бізден сұраса, көмектесеміз», – дейді Бородавкин.