Бір аяғы жоқ биші қыз өзінің атынан емге ақша жинаған алаяқтар туралы айтты (видео)
Бір аяғының жоқтығына қарамай, тойларда билеп нәпақасын тауып жүрген биші Аружан алаяқтардың өзінің атын жамылып, елден ақша жинағанын мәлімдеді, деп жазды KYN.KZ. «Кейбір қойдың терісін жамылған қасқырлар халықтың аңғалдығын пайдаланып, менің атымнан «ем үшін» деп ақша жинап жүр екен. Айтарға сөз таппадым естігенде. Сіздерге айтарым: Ондай алаяқтарға сеніп қалмаңыздар! Аллаға шүкір! Бір аяғым болмаса да, екінші аяғым бар. өз күнімді өзім көріп, еміме де, басқаға да ақшаны өзім таба аламын. Ал алаяқтарды бір Аллаға тапсырдым», - дейді Аружан Рашид. Аружан би билеумен қатар ән де айтады. Оның өнеріне тәнті болған әлеуметтік желідегілер өнер иесіне риза болып, батасын беріп жатыр. «Мне так нравится этот танец Мадхури Дикшит и ты её станцевала обалденно. Молодец Аружан. Бақытты бол», «Wonderful performance and motivation for many», «Алла күш-қуат берсін», «Красавица! На тебя смотрю и хочется жить», «Өнерің өрге жүзсін», «Күшті билейсің», «МашаАлла! Алла тағала күш-қуат берсін сізге», «Алла жар болсын», «Талабыңа нұр жаусын», «Керемет. Талмас қанат, қажымас қайрат тілеймін», - дейді әлемнің түкпір-түкпірінен Аружанның өнеріне куә болған желі қолданушылары. https://youtube.com/shorts/avdEKHx_oew?feature=share https://youtu.be/ZY84qY2CrrE