Әнші Бағлан Әбдірайымовты «лақтырып кеткен» сценарист сотқа бермек
Бағлан Әбдірайымовтың НТК телеарнасындағы «Өзіміз ғой» бағдарламасында жасаған мәлімдемесінен кейін сценарист Нұржігіт Хайдар оны сотқа бермекші, деп хабарлайды KYN.KZ. Бағдарлама барысында Әбдірайымов жеке өмірі жайлы фильм түсіруге бел буып, сценарист Нұржігіт Хайдармен келіскенін, артынша өзінің ақшасын алып, келісілген сценарийді жазбай кеткенін айтады. «6-7 рет кездестік Нұржігітпен. Қолдарына бір-бір кітапты бердім. Кітапты оқыған соң, «ойбай, братан, мына кинода өзің ойнауың керек. Жалпы айтқында бір «шоколад» кино шығады. Сценарийді керемет қылып жазып беремін. Гонорарым 3 млн теңге» деді. Шотымда 100 мың теңге бар еді. 60 мың теңгесін лақтырдым аванс ретінде. Қалған 40 мың теңгеге шотты төлеймін деп қалдырып қойдым. «Братан, болмайды ғой 60 мың теңге, минимум 500 мың теңге беруіңіз керек» дейді. Какая разница? Аванс қой, бастай бер, - дегенмін. Русланнан «анау жазып жатыр ма» деп сұрадым. Ол «жоқ» дейді. «Жазбаса, онда 60 мың теңгені қайтарсын» дедім. «Сендермен кездескенім бар, жолымның ақшасы бар, ішкен тамағым бар, сол үшін бермеймін» депті Нұржігіт. Сосын мен «басқа сценарийстер құрып қалды ма, басқа біреуін табайық дедім», - дейді әнші. Ал Нұржігіт Хайдардың айтуынша, Бағланның айтқандары тап-таза өтірік. Нұржігіттің сөзіне сенсек, сценарист жігітке көк тиын да бермеген. Әншінің НТК телеарнасында «Өзіміз ғой» бағдарамасына берген жалған ақпаратынан ашуға бұлыққан Нұржігіт әншіні сотқа беруге ниеттеніп отыр. «Мен Бағлан Әбдірайымовпен Руслан деген жігіт арқылы кездескенім рас. Олар маған сценарий жаздырғысы келді. Бірақ мен Бағланнан көк тиын да алған жоқпын. Бәлкім мені пайдаланып айналасында жүргендер ақшасын алған шығар, ол жағын білмедім. Мен Бағланнан бір тиын да алмадым. Оны кез келген жерде дәлелдеп бере аламын. Сұхбат барысында 60 мың теңге аудардым деп отыр. Бұл – таза жала. Сондықтан мен ақ-қараны айырмай жатып, дүйім елдің алдында ар-намысыма нұқсан келтіріп, жала жапқан Бағлан Әбідрайымовты сотқа беремін. Қазір заңгерлер осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Нұржігіт Хайдар.