Антикор Қазақстандағы жылу желілеріндегі апаттарды сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады
Екібастұзда жылумен жабдықтау жүйесіндегі апатты осы саладағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа байланысты болды, деп есептейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов. Оның айтуынша, Семей, Тараз және БҚО кәсіпорындарының жұмысында сыбайлас жемқорлық салдары көрінеді. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық порталы хабарлайды. «Семейде «Теплокоммунэнерго» коммуналдық кәсіпорнының берешегін өтеуге және жылумен жабдықтау объектілерін қамтуға мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінеді, алайда бұл мәселелер шешіліп жатқан жоқ. Жекелеген сыйақылар үшін кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларға орталық жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар береді. Нәтижесінде қысым төмендейді, жылу шығыны артады. Бұл көпқабатты үйлердегі суық және ыстық судың болмауына әкеп соғады. Өзге де өңірлерде мұндай жағдай жиі байқалады», - деді Саян Ахметжанов. Билік алдағы екі күнде Екібастұзда жылу беру жағдайы қалыпқа келеді деп болжап отыр. Барлық тұрғын үйге жылу берілді, алайды пәтерлер әлі де суық.