Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты (видео)

08.12.2022
0
Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты (видео)

Петропавлда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, түтінге тұншыққан пәтер иелері ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Петропавл қаласындағы Пушкин көшесі, 43 мекенжайда орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққанын хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. Өрт сөндіру қызметінің 3 автоцистернасы мен 3 арнайы көлігі, сондай-ақ жеке құрамнан 21 адам оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды өрттен оқшаулады.

«Өрт үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан екен. Оның иесі әйел біз келгенде далада жүрді. Нысан түтінге оранғандықтан, тұрғындарды құтқаруға тура келді. Демалу аппараттары мен қабын қолданып 5 адамды алып шықтық. Сондай-ақ тағы 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті атқарушы органдар оқиға орнына автобустарды алдыртты. Үйден шығарылғандарды қатты аязда тоңып қалмауы үшін бірден осы көліктерге отырғыздық», — дейді қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Болат Жұмажанов.

Өрт толығымен сөндіріліп, оның шығу себебі мен шығын мөлшері анықталатын болады. Дәрігерлердің айтуынша, түтіннен уланған 80 және 48 жастағы екі әйелдің жағдайлары біршама жақсы.

Бөлісу16Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6021 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1373 бөлісу
    Бөлісу 549 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.