Басты жаңалықтар
Пәтер иесі студент қыздарды түн ортасында қуып шықты (видео)
- автор kyn.kz
- 8 желтоқсан, 2022
- 347
Әлеуметтік желіде тараған жалдамалы пәтерінен қуылған студент қыздардың далада қалған бейнежазбасы елдің ызасына тиді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бейнежазбадан студент қыздардың бүкіл затымен қардың астында көшеде тұрғанын байқайсыз. Қыстың қақаған аязында көшеде қалған қыздардың бастары төмен түсіп, телефоннан бас алмай тұр. Бейнежазба авторының сөзінше, түнде дауыс көтеріп, көршілерінің мазасын алғаннан пәтер қожайыны қуып шыққан көрінеді.
«Квартирада қатты шулап, көршілердің мазасын алғанымыз үшін ештемеге қарамай, шығарып жіберді. Баратын жеріміз жоқ. Енді осылай далада тұрмыз», - дейді автор.
Бейнежазбаны көрген жұрттың басым көпшілігі болған жағдайға қыздардың өздерін кінәлап отыр.
«Квартираны басқа біреулерге берген болар қымбаттау етіп. Студенттерді шығарып жіберген шығар», «Бір шулағанға шығармайды. Заң бар. Заңға бағыну керек. Ескертулерді ескеру керек. Әрине түн ортасында шығарған дұрыс болмапты», «Енді кімге өкпелейсіңдер. Кінә өздеріңнен», «Шуламау керек еді», «Сауап болыпты, дұрыс жасапты, обалдарың жоқ», «Нең бар еді енді шулап? Бірақ енді шли ондай емес шығар», - дейді желі қолданушылары.
https://youtube.com/shorts/ftKUOr3H2Io?feature=share