Қарағандылықтар ресейлік әншінің концертін өткізбеуді талап етті
Қарағандыда Лариса Долинаның концертіне қарсы шықты
Қарағандыда ресейлік әнші Лариса Долинаның алдағы жылдың ақпан айына жоспарланған концертіне байланысты дау туды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әлеуметтік желілерде қарағандылықтар дау шығарып, концертті тоқтатуды, әскери агрессияны қолдайтын әртістерді Қазақстанға шақырғаны үшін ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартуды талап етті. Айта кетейік, әнші Лариса Долина Ресейдің Украинадағы соғысын, Қырым мен Украинаның 4 аймағын қосуды, жалпы Путиннің саясатын қолдайды.