Басты жаңалықтар
Астана теміржолшылары мемлекет басшысынан жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етті (видео)
- автор kyn.kz
- 8 желтоқсан, 2022
- 541
Елордадағы Астана 1 теміржол бекетінде жиналған теміржолшылар жалақысының 100 пайызға көтеруді сұрап, наразылық акциясын шықты
Елордадағы Астана 1 теміржол бекетінде жиналған теміржолшылар жалақысының 100 пайызға көтерілуін, сыйақының уақтылы төленуін талап етіп, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
«Біз Астана қаласының теміржол жұмысшылары Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және Қазақстан Темір жолының президенті Сауранбаев Нұрлан Ермекұлына үндеу жолдаймыз. Біздің теміржол жұмысшыларының талабы: жалақымыздың 100% көтерілуін талап етеміз! Сонымен қатар, үжымдық, кварталдық, жылжық сыйақы төлеуіңізді талап етеміз! 16 желтоқсанға дейін жауап беруіңізді сұраймыз», - деді теміржолшылар.
Айта кетейік, бұған дейін Аралда жұмысшылар президенттен жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етіп көшеге шыққан еді.
https://youtu.be/hzIbr3xXD1k
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
- авторkyn.kz
- 24 наурыз, 2026




