Министр Ресей телеарналарының жұмысына шектеу қою туралы мәселені қалай шешу керектігін айтты (видео)
Министрі Қазақстанда ресейлік телеарналардың жұмысына тоқтату мәселесіне қатысты пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстанда ресейлік телеарналардың жұмысына тоқтату мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ. «Күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе – Қазақстан азаматтарының дұрыс ақпарат алуы. Сондықтан бұл мәселені пысықтап жатырмыз қазір. Жаңа айтып кеттік. Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігінің құзыретінде, соттың құзыретінде. Сондықтан министрлік өз бетінше ондай шектеумен айналыспайды. Әрине ақпараттық қауіпсіздік – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Алайда біз тек соттың үкімімен ғана шектей аламыз. Азаматтардың пікірін көріп, біліп отырмыз. Жалпы қазір мониторинг жүргізіп жатырмыз», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі. https://youtube.com/shorts/GqsejTjbVwM?feature=share