Тоқаевтың күйеу баласы Теміртай Ізбастин елшіліктен босатылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртай Ізбастинді Болгариядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды KYN.KZ. Теміртай Ізбастин – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған қарындасының күйеуі. Ол 2019 жылдан бастап Болгариядағы елші болды. Бұған дейін Әділет министрлігі Президент туыстары үшін саяси мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор басшыларының лауазымдарын атқаруға тыйым салу туралы заң қабылданған кезде Ізбастин қызметтен босатылатынын хабарлады.