Кезінде Назарбаев режимін мадақтап, енді "әулеттік билікті тамырымен құрту керек" деп ұрандатқан депутат елді шошытты
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде соңғы екі жылда екі түрлі позияцияда пікір білдіріп, екі ойлы болып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Бірнеше күннен бері желідегі парақшасы жұрттың пікірталас алаңына айналған депутаттың жазғанына көз салып көрейік. Кеше басқа ой, ал бүгін мүлде басқа ой айтқан Жаңбыршиннің оқырмандары да әзірге өзі секілді бір жақты емес, екіжақты пікір білдіріп жатыр оның жазбасына. Кейбірі ақтаса, енді бірі даттап отыр.