Басты жаңалықтар

"Халық қазір мал боп кеткен": БҚО- ауыл әкімі мәселесін айтқан халықты малға теңеді (видео)

Тұрғындар қысты күні жарықсыз, жылусыз қалғандарын айтып дабыл қаққан

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, махамбет ауылына қарасты Павлов елдімекенінің тұрғындары қысты күні жылусыз яғни газсыз қалып кеткендерін айтып, әкімнен көмек сұраған.  Ауыл әкімі  Бейбіт Аманғалиевтен қайыр болмағаннан кейін журналистерді шақырып, мәселелерін мемлекеттік деңгейде көтеруді сұрайды. Жалпы ауылда 168 адам тұрады. 7 Желтоқсан күні  жылусыз қалған, үйдің іші  0 градусқа жетіп, адамдар тоңып жан айқайын айтқанда әкім оларды "мал болып кеткен" деп сынады. Әкім оны журналистерге берген сұхбатында видеоға айтқан. Ал тұрғындар болса өздерінде тек газ емес жарықта жиі өшіп қалатынын айтып, қайда барарларын білмей отыр. Бар өтініштері қыста жарықсыз, жылусыз қалдырмаса екен деген тілек. Әкім  Бейбіт аманғалиев болса барынша жұмыс істеп жатқанын, оны ешкім көрмейтінін айтып тұрғындарға ренішін білдірді. Дереккөзі: Uralskweek.kz