Басты жаңалықтар

Елордада жылу желісінде жарылыс болды (видео)

Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жылу желісінде жарылыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты «Астана-Теплотранзит» растады. «Жылу желілері зақымданды. «Астана-Теплотранзит» АҚ жедел тобы учаскеде жұмыс істеп жатыр. Түркістан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй кешеніне жылу беру уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады компания өкілдері. https://youtube.com/shorts/yjqQ_5YCUk0?feature=share