Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстанда көліктердің қалай заңдастырылатыны айтылды

12.12.2022
0
Қазақстанда көліктердің қалай заңдастырылатыны айтылды

Қазақстанда көліктерді заңдастыруға қатысты сұрақтарға Ішкі істер министрлігінің өкілі жауап берді, — деп хабарлайды KYN.KZ сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыруды жариялаған болатын. Ішкі істер министрлігі қазір заңдастыру жұмыстары қай кезеңде екенін айтты.

«Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіліп жатыр. Парламент Салық кодексіне шетелдік көлікті бастапқы есепке алу 200 мың теңге деген түзетулерді қабылдады. ІІМ жария етуді жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп жатыр. Аталған жоба 29 қарашада жария талқылау рәсімінен өту үшін ІІМ ресми сайтында орналастырылды», — деді ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Төменде Қазақстандағы көліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрлігі өкілінің жауаптары берілген:

Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды?

Іздеудегі және кедендік ресімдеуден өтпеген, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер.

Қазір Қазақстанда қанша шетелдік көлік бар?

Қазақстанда тұрақты орналасқан шетелдік көліктердің саны туралы нақты дерек жоқ. Бірақ біз биылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде 300 мыңнан аса шетелдік көлікке сақтандыру полистері берілгенін анықтадық. Көліктерді сақтандырудың ең көп саны Ресей Федерациясынан — 260 мыңға жуық, Қырғызстаннан — 25,5 мың және Армениядан — 18 мың көлікке берілген.

Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады және ол қанша уақытқа созылады?

Заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер енгізіліп, Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады. Заңдастыруды алты айдың ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көліктің Қазақстанға кіретін күні қалай анықталады?

Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің мәліметтер базасы бойынша анықталады, бүгінде бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Шекара қызметiнде көлiк құралын әкелу туралы мәлiметтер болмаған жағдайда, көлiк құралының Қазақстан Республикасында нақты болған күнi көлiк құралын сақтандыруды алғашқы тiркеу күнiмен айқындалады.

Қазақстанда заңдастыру аясында азаматтар «оң рөлді» көліктерді тіркей ала ма?

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы заңдастырудың екі критерийін атап көрсетті:

біріншісі — көліктерге іздеу жарияланбауы керек,

екіншісі — кедендік ресімдеуден өтуі керек.

Көрсетілген көліктер оларға сәйкес келсе, оларды тіркеуге ешқандай кедергі болмайды.

Автокөліктерді шығарылған жылы және экологиялық класы бойынша заңдастыруға шектеу қойыла ма?

Заңдастыруға жататын көліктер үшін жасы мен экологиялық класы бойынша талаптар қойылмайды.

Қазақстанда уақытша тіркелген «армениялық» көліктерге «сары» нөмір беріліп, заңдастырыла ма?

Елімізде уақытша тіркелген «армениялық» көліктер де заңдастыруға жатады. Олардан кедендік декларациясы талап етілмейді, өйткені 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауары.

Заңдастыру үшін қанша төлеу керек?

Негізгі төлем — бастапқы тіркеу жарнасы 200 мың теңге. Қалған төлемдерге тіркеу куәлігі мен тіркеу нөмірі үшін алымдар кіреді, ол үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін төлем сомасы аздап өзгереді, өйткені баж салығы АЕК-ке байланысты есептеледі).

Заңдастыру процесі қалай өтетінін қысқаша сипаттай аласыз ба?

Заңдастыруға өтінішті «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе Арнайы ХҚО-ға жеке өтініш арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздестіру базалары бойынша тексергеннен кейін автокөлік нөмірленген бірліктерді салыстырып тексеру үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығындағы тексеру пунктіне беріледі. Одан кейін 200 мың теңге көлемінде бастапқы жарна, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ қажет болған жағдайда кедендік баж салығы төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін көлік иесіне қазақстандық тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмір беріледі.

Бөлісу44Твит27
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1379 бөлісу
    Бөлісу 552 Твит 345
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.