«Ақшаны мүгедектерге қайтарыңыз»: Қарағандылық ер адам канистрмен пикетке шықты (видео)
Бүгін, 12 желтоқсан күні Қарағанды қаласы орталығында ер адам жалғыз адамдық пикетке шығып, талап қойды. Оқиға куәгерлері оның өзін-өзі өртеуі мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Қалалық полиция департаменті ер адамды ұсталып, бөлімге жеткізілгені туралы хабарлады. Болған оқиға барысында ешкім зардап шекпеген. Әзірге ер адамды пикетке шығуға итермелеген себептер белгісіз. Бұл оқиға белгілі бір тендерге байланысты манипуляция болуы мүмкін және тұрғын осы мәселелерді қадағалайтын полковниктен оған келіссөз жүргізуді талап еткені туралы ақпарат бар. https://youtu.be/Hv9mjPPgdCs