Басты жаңалықтар

Қостанайда жаңадан салынған үйлерге шатырынан су ағып, мұз қатып жатыр

Қонай ықшамауданындағы пәтерлердің кілті иелеріне әлі беріліп үлгірмей, үйлердің төбесінен су ағып, бірнеше метрлік мұз қатып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ. Ондағы тұрғындардың айтуынша, бұл тұрғынүйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша берілуге тиіс. Байқау 2021 жылдың наурызында өткен. Содан бері құрылыс бүгінге дейін созылып, үйлер әлі қолданысқа берілмеген. Қала әкімдігі «су жылыту желісінен аққанын мәлімдеді. Ал қалпына келтіру жұмыстарын 13 желтоқсанға дейін аяқтауға уәде берді.