Жалға берілген пәтерден жалға алушыларды қандай жағдайда шығаруға болады?
Елімізде жалдамалы пәтерді паналап жүрген отбасы мен жастар санында шек жоқ. Соңғы кезде тұрғындардың пәтерден қуылу жағдайы жиілеп кетті, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Сонымен жалға берілген пәтерден тұрғындарды қандай жағдайда шығаруға болады?
- Жалдау ақысын кешіктіру немесе коммуналдық төлемдер бойынша қарыздар. Төлемдердің мерзімі мен шарттары келісімшартта көрсетіледі.
- Көршілерге келтірілген залалды төлеуден бас тарту. Заң бойынша кінәлі тарап жөндеу шығындарын өтеуге немесе залалды өз бетінше жоюға міндетті.
- Тыныштықты, санитарлық нормаларды және көппәтерлі үйде тұру ережелерінің басқа да талаптарын бұзғаны үшін шағымдар.
- Меншік иесінің мүлкіне айтарлықтай зиян келтіру (сантехниканың, жиһаздың бұзылуы және т.б.).
- Пәтер иесінің кінәсінен туындаған өрт.
Қарызды төлеу, жылжымайтын мүлік иесіне келтірілген залалды өтеу жағдайлары жалға алушы үшін міндетті. Сондай-ақ басқа да заңнамалық талап: жалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, иесіне ескертуге (кем дегенде бір ай бұрын) немесе сол айға жалдау ақысын төлеуге міндетті.