Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жер беріп, үй салуға көмектесетін бағдарламаны жандандыру керек": Өзбекстандағы қазақтар Тоқаевтан көмек сұрады

"Жер беріп, үй салуға көмектесетін  бағдарламаны жандандыру керек": Өзбекстандағы қазақтар Тоқаевтан көмек сұрады
ашық дереккөз
Өзбекстанда тұратын қазақтар Қазақстанға көшкілері келетінін айтып, Тоқаевқа үндеу жасады
Көрнекі сурет Қазіргі күні Өзбекстан республикасында тұрып жатқан қазақтар атажұртқа оралғысы келетіндерін айтып, видео үндеу жасады. Олар қазақстанға келсе өздерін қандай проблемалар күтіп тұрғанын айтып, Тоқаевтан сол түйіндерді шешуге әсер етуін сұраған.   Бостандық ауданының бір топ тұрғындары жиналып, Қазақстандағы қазақтардан өздерін, ата- бабаларын  "Сатқын" деп айыптамауды сұрап отыр, деп жазды  KYN.KZ.   "Құрметті Қасым - Жомарт Кемелұлы, біз Өзбекстан республикасы, Ташкент облысы Бостандық ауданының қазақтарымыз. Тәуелсіздік алған жылдардан бері, этникалық қазақтар атажұртқа оралған кезде жер берілетін еді. Қазіргі таңда бұл тоқтатылды. Ұлы көштің тоқтауының себебі де осы. Қазіргі кезде атажұртқа оралған кезде жер алу, үй салу мойнымызға үлкен жүк салуда. "Қандастарды атажұртқа оралту қасиетті парызымыз" деп өзіңіз айтқандай үй салу, жер беру жағын қайтадан жандандыруыңызды сұраймыз. Қазақстандағы тұрғылықты бауырларыма айтарым, өзге елде тілін, қызын өзге ұлтқа бермей кележатқан бабаларымызды сатқын деп атауды қойыңыздар. Бұл Совет одағының құйтырқы, көрсоқыр саясатының арқасында келген қасірет. Қазақ жерінің, қазақ тілінің қорықшысы қазақ қана. Бір тілім жерді өзімізден өзіміз қызғанбайық",- деді Бостандық ауылының тұрғыны.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар