Президент несиесін төлей алмай жүргендерге қатысты Жарлыққа қол қоятын болды
Бұл Жарлықтың кредитті төлеп беру мәселесімен байланысы жоқ екенін айта кету керек, деп жазды KYN.KZ. «Бүгінде проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам несиесін төлей алмайды. Көпшілігі шарасыздықтан ескісін өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» Заң күшіне енуі керек. Кепілсіз онлайн микрокредитті де қатаң реттеу қажет. Кейбір елдерде оған тыйым салынған. Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластырған жөн. Жақын арада мен тиісті жарлыққа қол қоямын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.