Бес құлағы бар ерекше мысық желіде қызу талқыға түсті
Ресей тұрғыны бес құлағы бар мысығын көрсетті деп хабарлайды KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ресейдің Волгодонска ауданында Людмила есімді тұрғын бес құлағы бар ерекше мысық тауып алды. Айтуынша мысықты қожайындары тастап кеткен болу керк, себебі мысық адамдарға үйренген және өте кішкентай. "Оның кем дегенде бес құлағы бар, негізгі құлақтарының жанында екеу және бетінде біреу", - дейді. Людмила мысыққа "Люди Х" фильміндегі мутант жануарларды қолдайтын кейіпкер Джиннидің атын қойған. Людмила бүгінде мысыққа жаңа қожайын іздеп жатыр, тіптен кішкентай Джинниға қамқорлық жасап жүрген өз мысығын да қосып бермекші.