Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында әкімді пышақтап өлтіріп кетті

Ақтөбе облысында әкімді пышақтап өлтіріп кетті
ашық дереккөз
Ақтөбе облысында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовты белгісіз біреулер пышақтап өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ. Алға ауданының полиция бөлімшесіне 12 желтоқсан күні түнгі 00:50-де хабар келіп түскен. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасындағы жанжалдың өршіп, салдарынан округ әкімінің ажал құшқанын анықтады. Жанжал барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ жарақатын салған. Оқиға салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды. Аталған факт негізінде ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Кісі өлтірумен» қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жасалып, күдікті темір торға тоғытылды. Қарабұлақ ауылы әкімдігі қылмыстың мән-жайын толық айтпай отыр. «Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі әкім, екіншісі маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нақты білмеймін. Жалпы ауылда негізі 500 адам тұрады», - деп мәлімдеді ауыл әкімдігінің өкілі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әкім пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқан. Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғанына көз жеткізілген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар