Маңғыстау облысында жұмысшыларды қуып шықты (видео)
Маңғыстау облысындағы АО «Phystech ІІ» компаниясының басшылары жұмысшыларын -12°C суықта далаға қуып шықты, KYN.KZ сайты. Бейнежазба авторы Нұржан Айдынның сөзінше, оқиға 12 желтоқсан күні болған. Компания жұмысшылары қақаған қыстың саршұнақ аязында далада қонған. «Адамдардың бәрі далада ұйықтап жатыр. Осының барлығына бас директор Ернар Байжалиев және оның көмекшісі Талғат Қадыров деген кісілер жауапты. Жұмысшылар мынандай аязда далада жерде жатыр», - дейді бейнежазбада. Әзірге басшылардың мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз. https://youtu.be/5vfZ5flw5Qs