Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балет әртісі және хореограф Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болды

Әртісті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді

13.12.2022
0
Балет әртісі және хореограф Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болды

Балет әртісі әрі хореограф, Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюханов қайтыс болды.

Мемлекеттік академиялық би театры мәліметінше, Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болған. Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Болат Ғазизұлы Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында туған. Ол А.В. Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институтының балетмейстерлік факультетін бітірген. 100-ден аса рецензия, мақала, сұхбаттың авторы. Қазақ, орыс, түрік, литва, ағылшын және украин тілдерін білген.

1957 жылдан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет әртісі болып жұмыс істеген. 1964 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балетмейстер болған. 1965 жылдан «Қазақконцерт» екі актерлі театрының балет солисі. 1967 жылдан бастап «Қазақконцерт» жанындағы Алматы Жастар балеті көркемдік жетекшісі, балет солисі. 1975 жылдан бастап Қазақстан классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, балет солисі. 1976 жылдан — Қазақстан классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, директоры болған. Ал 1991 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. 2003 жылдан бері ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының директоры қызметін атқарды.

«Болеро», «Қазақ сувенирі», «Батырлар», «Қыз Жібек», «Гамлет», «Кармен-сюита», «Шыңғысхан» және басқа қойылымдарға қатысқан. «Біздің жеріміздің байлығы», «Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық», «Түнектің әміршісі», «Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы» кинофильмдеріне түскен.

Бөлісу95Твит60
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2083 бөлісу
    Бөлісу 833 Твит 521
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2112 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1191 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    810 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    752 бөлісу
    Бөлісу 301 Твит 188
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.