Басты жаңалықтар

Алып жылан қашу үшін жұтқан жұмыртқаларын құсып таттады (видео)

Ол тесікке сыймай қалғандықтан бірнеше жұмыртқаны аузынан шығарып тастады

Алып жылан кішкентай тесікке сию үшін бірнеше құстың жұмыртқасын құсып тастады деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Видео Американың Оңтүстік Каролина штатында түсірілген. Алып жылан ағаштар арасындағы тар орынға сыймай қалып, жақында ғана жұтқан құс жұмыртқаларын аузынан шығарып тастады. Видеодағы жылан егеуқұйрық тектес жылан деген болжамдар бар. Әдетте жылан өздеріне төнген қауіпті сезсе олжасын құсып тастап кетеді.