Кезінде президенттіктен дәмеленген шенеунік өз қызына жыныстық зорлық жасаған (видео)
2019 жылғы президенттік сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан үміткерлікке құжат ұсынған Төлеутай Рахымбеков өз қызына зорлық жасады. Бұл туралы Рахымбековтың қызы Айбота Рахымбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Айботаның айтуынша, ол 2017 жылға дейін ата-анасының қарауында болған. Анасы Салтанат Рахымбекова қайтыс болған соң, экс-кандидат қызына бірге тұруға ұсыныс білдірген. Екеуі жалғыз қалған сәтте қызына қол жүгіртетін болған. Айбота Есіл аудандық ішкі істер бөлімшесіне шағымданған. Алайда ондағылар істі жылы жауып қоя салған. Бұл жағдай туралы туысқандары білгенімен, қайтыс болған анасының әруағы үшін жұртқа тіс жаруға ұялады. Қызы бірге тұруға келісім бермеген соң, ол Айботаны анасының өліміне кінәлап, тіпті анасынан қалған мұрасын да заңгермен келісіп, алаяқтықпен иемденіп алған. Айдың аманында өз қызына жыныстық зәбір көрсеткен Төлеутай Рахымбеков Айботаның туған әкесі болмай шықты. Мұны ол әйелінің көзі кеткен соң қызға жайып салған. Бүгінде Айбота бұған дейін әкем деп санаған адамнан аяғы ауыр, 8 айлық балаға жүкті. «Құрметті Президент, қазақ елі және анамның туыстары! Осылай ашық түрде бәрін айтқаным үшін сіздерден кешірім сұраймын! Айтуға мәжбүр болдым. Себебі өзім жетіммін, оның үстіне аяғым ауыр, балам 8 айлық. Далада қалдым, үйім жоқ. Сондықтан сіздерден көмек сұраймын. Сондай-ақ анамнан мұраға қалған дүниемді қайтарып алғым келеді», - дейді Айбота Рахымбекова. https://youtu.be/bEO4timyG7E