Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап өсіп жатыр
Бір тәулік ішінде елімізде 235 жұқтыру жағдайы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 80 адамға артық. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды KYN.KZ ақпараттық порталы. 14 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша КВИ 943 адам (1801+142 КВИ) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда – 308 пациент, амбулаториялард – 1 635 пациент. КВЭ және КВИ-мен ауырғандардың ішінде: ауыр жағдайда - 10 науқас, өте ауыр жағдайда - 2 науқас, ӨЖТ аппаратында - 2 пациент.