Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қаңтар қырғынында жұмыс орнын тастап кеткен полицейлер 10 жылға сотталады

14.12.2022
0
Қаңтар қырғынында жұмыс орнын тастап кеткен полицейлер 10 жылға сотталады

Қазақстанда тәртіп сақшыларының  ішінде жұмысына немқұрайлы қарайтындар енді жазаға тартылады. Осындай жауапкершілікті қатаң ережемен бақылау арқылы полицейлердің  тәртібін түзету қолға алынды , деп жазды  KYN.KZ.

Парламент Мәжілісінде «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасын талқылау барысында Мәжілісмен Ерлан Саиров тәртіп сақшыларының жауапкершілігі туралы сұрады.

«Қайғылы қаңтар кезінде Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кейбір қызметкерлер жұмыстарын тастап кетіп қалған болатын. Прокуратура өкілдеріне сұрағым бар, осы орган басшыларына қандай шара қолданылды?», — деп сұрады Саиров.

«Қаңтар оқиғасына қатысты ай сайын тиісті ақпаратты береміз. Қанша қылмыстық іс қозғалды, қанша адам жауапқа тартылғанын хабарлаймыз. Тиісті ақпарат қажет болса, тағы бере аламын», — деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев.

Ол 2022 жылдың желтоқсанында заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын тастап кету, өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Жоғарыда айтқанымдай, мен толық ақпаратты бөлек бере аламын», — деп жауап берді Бас прокуратура өкілі.

дереккөзі:Tengrinews.kz

Бөлісу38Твит24
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3817 бөлісу
    Бөлісу 1527 Твит 954
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6320 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1085 бөлісу
    Бөлісу 434 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3368 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    599 бөлісу
    Бөлісу 240 Твит 150
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    560 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Мүфтият журналист Жанат Бақыттың елді елең еткізген мәлімдемелеріне пәтуә берді

    458 бөлісу
    Бөлісу 183 Твит 115
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.