Басты жаңалықтар

18 жасқа дейінгі балаларға жинақ шоттар ашылмақ (видео)

Қазақстанда «Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасы аясында 18 жасқа дейінгі барлық балаға жинақ шоттар ашылады, деп хабарлайды KYN.KZ. Тура бір жылдан, 2024 жылдан бастап іске қосу жоспарданды. Ал іске қосу тәсілдері әзірлену үстінде. Айтулы хабарды Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов үкімет отырысында жеткізді. «18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды», - деді Тимур Жақсылықов. https://youtu.be/MH2x1PUkaKw